19 Қырқ 2022
Страницы "Балдырған" бөбекжайы

ЭКО ЖОБА

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу щеңберінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-қыркүйектегі «Қазақстан жаңа жағдайда: қолдану кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетің қалыптастыру және тәрбиеленушілердің қоршаған ортаның  экологиялық жағдайын зерделеуге тарту мақсатында 2022 жылдың 28-қаңтар айының 16 бұйрығына сай МКҚК «Балдырған» бөбекжайымыз «ЭКОБАЛАБАҚША» жобасына қосылды. Осы жоба аясында жоспар құрылып,тәрбиеші Ш.Е.Артыгалиевнаға жобаға жетекшілік ету мақсатында жұмыстану міндеттелді. 2022 жылдың ақпан айынан бастап құрылған жоспар бойынша жоба жұмыстары тәрбиеленушілердің,педагогтардың қатысуымен іске асырылды. Бұндағы мақсат тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие бере отырып,табиғатты аялауға,қорғауға, жан-жануарларға қамқор болуға, үлкендердің еңбегің бағалауға тәрбиелеу. Ақпан айынан басталған бірінші жоспар тақырыбы бойынша педагогтарға арналған дөңгелек үстел түрінде «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Ал, тәрбиеленушілерге «Терезе алдындағы бау – бақша» атты тақырыппен құтыларға өз еңбектерімен пияз егу жұмыстары жүргізілді.

Наурыз айында «Құстар біздің досымыз» атты қысқа мерзімді жоба ұйымдастырылды. Орыс тілі маманың жетекшілігімен «Зайчик в гостях у ребят» атты дала жануары қоянды таныстыру мақсатында зерттеу жұмысын жүргізді.

 

Балалар қоянды тамақтандыруда 

Сәуір айында «Терезе алдындағы бау – бақша» тақырыбында тағыда пияз егу жұмысы жүргізілді. Балалар сыртқа  пияз егуге әзірлік жасап құтыларға пияз дәңдерін егіп әзірледі

 

Балалар қызығушылықпен жұмыстануда

 

Сәуір айыдағы екінші жұмыс «Судың қасиетті» судың қасиеттерімен танысты, зерттеу жұмысы жүргізілді.

 

Бөбекжайда күнделікті балаларға экологиялық тәрбие беріліпте отырады.Балалар үлкендердің еңбегін бағалап,көмектеседі.

 

Бөбежайымызда «ЭКОБАЛАБАҚША» жұмыстары әліде жоспар бойынша жүргізіледі. Бұл атқарлылған жұмыстарыдың қорытыңдысы.

Атауы Жүктеу
1 ЭКО ЖОБА ЖОСПАРЫ PDF
2 ЭКО жОБА паспорт PDF
Пайдалы ақпараттық ресурстар