«Балдырған» бөбекжайы»
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Бөбекжай 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасап келеді, .Ғимарат бір қабатты, , жоба қуаттылығы-40 орын.. Қазіргі таңда бөбекжайда жас ерекшелігіне сай 2топ бар. Барлық бала саны - 40. Балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Оқу-әдістемелік және тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуге бөбекжайда барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдарын тәрбиеші педагогтер ата-аналармен бірлесіп жасауды ұйымдастырып тұрады. .
Бөбекжайдың балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Бөбекжайда 10 педагог атқарып мектеп жасына дейінгі тәрбиеге қатысты қарқынды дамыған заман ағымындағы жаңалықтарды игеріп , байқау, сайыстарға қатысып жүлделі орындарға иеленіп , іс-тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдап ,жан-жақты тәлім–тәрбие беруде. Педагогтердің 7-і жоғары, 3-і арнаулы орта білімді.
Біліктілік санаттары бойынша педагог-зерттеуші -1, педагог-модератор-6 ,санатсыз-3
Бөбекжайда балалардың денсаулығына, жан-жақты дамуына нақты көңіл бөлінеді. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін, дене бітімінің дұрыс дамуына бағытталған оқу-тәрбие шаралары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп отырады. Әр топта оқу қызметі мемлекеттік стандарттарға сәйкес сәйкес, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарлы және күнделікті өткізіледі.